
Ғылыми семинар туралы қысқаша есеп
Медиатека / Жаңалықтар / Ғылыми семинар туралы қысқаша есеп
2025 жылғы 2 қазан күні Ж.А. Тәшенов университетінде ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына байланысты ақпараттық-кеңес беру семинары өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми жұмысқа жауапты бөлім басшылары, жас ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
Семинарды Коммерциаландыру және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Парманқұлова П.Ж. жүргізді. Спикер 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру талаптары, өтінім беру тәртібі және тиімді жазу стратегиялары туралы толық ақпарат ұсынды.
Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жобалық өтінімдер дайындау бойынша практикалық кеңестер алды.