"Қазақтың ұлттық өнері – тәрбие көзі" ашық-тәрбие сағат
background

"Қазақтың ұлттық өнері – тәрбие көзі" ашық-тәрбие сағат

Медиатека / Жаңалықтар / "Қазақтың ұлттық өнері – тәрбие көзі" ашық-тәрбие сағат

«Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдары» факультеті
«Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Архабаева Алтынай Қайратқызы университетімізге қарасты "Hill" студенттер үйінде "Қазақтың ұлттық өнері – тәрбие көзі" тақырыбында ашық-тәрбие сағатын өткізді.
Қазақтың ұлттық өнері – бұл тек көркемдік құндылықтар ғана емес, ол – халқымыздың рухани байлығы. Әрбір ұлттық өнер түрі өзінің ішінде терең тәрбиелік мәнге ие. Ұрпақтар сабақтастығы арқылы біз бұл құндылықтарды сақтап, насихаттай аламыз.
Сондықтан біз, жастар, ұлттық өнерді құрметтеп, оны сақтау арқылы қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлерін, рухани дүниесін болашаққа жеткізудің жолында болуымыз керек.
Әрқашан өз мәдениетімізге, өнерімізге сүйіспеншілікпен қарап, оны келер ұрпаққа жеткізе білейік!