Білім беру сапасы – бірлескен жұмыстың нәтижесі: балабақша, мектеп өкілдерімен кездесу
background

Білім беру сапасы – бірлескен жұмыстың нәтижесі: балабақша, мектеп өкілдерімен кездесу

2025-09-24

Медиатека / Жаңалықтар / Білім беру сапасы – бірлескен жұмыстың нәтижесі: балабақша, мектеп өкілдерімен кездесу

17 қыркүйек 2025 жылы «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы мен қаладағы бірқатар мектептердің өкілдері арасында оқу мен өндірістік үдерістің байланысын арттыру мақсатында 7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарының студенттері және магистранттармен кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы, білім бөліміне қарасты №48 «Береке» бөбекжай-балабақшасы МКҚК, «Шаттық» бөбекжай-бақшасы, «№75 мектеп-гимназиясы» КММ, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы және №146 жалпы орта мектептің ұстаздары, сондай-ақ кафедра оқытушылары,  

Кездесу барысында еңбек нарығының қазіргі талаптары, түлектердің кәсіби дайындығы, дуалды білім беру жүйесін дамыту жолдары, өндірістік тәжірибені ұйымдастырудың тиімді тәсілдері мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Бұл іс-шара жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтып, білім беру бағдарламаларын тәжірибеге бағыттау арқылы жаңғыртуға ықпал етті. Қатысушылар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, екіжақты келісімдер жасау арқылы болашақ мамандарды сапалы даярлауға ерекше көңіл бөлді.

Мұндай кездесулер маман даярлау сапасын арттырып, еңбек нарығына қажет білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.