
«IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының жұмыс берушілердің қатысуымен өткен отырысы
2025-09-23
2025 жылғы 17 қыркүйекте «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының отырысына жұмыс берушілер шақырылды — «Баланс Сервис» ЖШС директоры Мынқожаева Н.Ж. және «Amanbay Tech» ЖШС өкілі Аманбай Е. Отырыста сондай-ақ кафедра меңгерушісі Ботаева С.Б. және кафедра оқытушылары: Кенжебаева У.Е., Изханова Б.Е., Мұсабекова Б., Базарбекова Н., Сматұлла Т., Баязиева М. және басқалар қатысты.
Отырыста білім беру қызметінің сапасына, дуальді және тәжірибеге бағытталған оқытуды әрі қарай дамытуға, сондай-ақ өндірістік, диплом алдындағы тәжірибелерден өту жөнінде келісімшарттар жасасуға қатысты мәселелер қарастырылды.
Жиын барысында жұмыс берушілер еңбек нарығының қазіргі талаптарына сай мамандар даярлау қажеттігін атап өтіп, оқу жоспарлары мен тәжірибе бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныстар енгізді.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен шеберлік сабақтарын өткізу туралы шешім қабылданды.