
МӨЖ тапсыру және талқылау – магистранттардың ғылыми дайындығындағы маңызды кезең
2025-09-19
Медиатека / Жаңалықтар / МӨЖ тапсыру және талқылау – магистранттардың ғылыми дайындығындағы маңызды кезең
МӨЖ тапсыру және талқылау сәті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан өте маңызды кезең болып табылады. Бұл кезде магистранттар өз бетімен орындайтын ізденіс жұмыстарының нәтижесін топ алдында қорғап, тақырыпты меңгеру деңгейін көрсетеді. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың өзіндік ойлауын, шығармашылық қабілетін және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, талқылау барысында магистранттар пікір алмасып, жаңа идеялар мен ұсыныстарын ортаға салады.