Ғылыми семинар аясында магистранттардың кітапханадағы кездесуі өтті
2025-08-19
Медиатека / Жаңалықтар / Ғылыми семинар аясында магистранттардың кітапханадағы кездесуі өтті
Ғылыми семинар барысында магистранттар ғылыми жетекшілерімен бірге университет кітапханасының қорында естелікке суретке түсті. Іс-шара жас зерттеушілерге ғылымның өзекті мәселелерін талқылап, теориялық білімдерін тәжірибелік ізденістермен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Кітапхана қоры – студенттер мен магистранттардың білімін толықтыруға, ғылыми ізденістерін тереңдетуге арналған маңызды орта. Осындай кездесулер магистранттардың зерттеу мәдениетін қалыптастыруға, ғылыми ой-өрісін кеңейтуге және кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.