
Профессор Абенова Л.У. магистранттарға «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінен лекция оқыды
2025-08-17
Ж.А. Тәшенев университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Абенова Л.У. 10.09.2025 күні МФИ-24-1к тобының магистранттарына «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінен тың әрі мағыналы лекция өткізді. Лекция барысында әдебиет теориясының қазіргі заманғы бағыттары, әдеби сын мен интерпретацияның заманауи әдістері талқыланып, магистранттардың ғылыми ізденістеріне жаңа бағыттар ашылды.
Профессор Абенова Л.У. өз лекциясында әдебиеттанудағы негізгі теориялық ұғымдарды терең түсіндіре отырып, практикалық мысалдар арқылы пәнді жеңіл әрі қызықты түрде ұсынды. Қатысушылар лекция барысында сұрақтар қойып, тақырыпқа қатысты пікір алмасу ұйымдастырды.
Бұл іс-шара магистранттардың білімдерін кеңейтуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беруге бағытталды.