
Кафедрада әдістемелік семинар өтті
2025-09-17
14.05.2025ж. күні Ж.А. Тәшенев университетінің 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, 6В01710-Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР), 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін үшін әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – болашақ педагогтардың кәсіби-әдістемелік дайындығын арттыру, оқыту үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға бағыт беру.
Семинар барысында оқыту әдістемесінің жаңа үрдістері, интерактивті оқыту технологиялары, критериалды бағалау жүйесі және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары талқыланды. Оқытушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылар практикалық тапсырмалар орындап, пікір алмасты.
Іс-шараға жетекші оқытушылар мен тәжірибелі педагогтер қатысып, кәсіби кеңестерімен бөлісті. Семинар ашық диалог алаңына айналып, білім алушылардың әдістемелік даярлығын жетілдіруге үлкен үлес қосты.