Кәсіби бағдар
background

Кәсіби бағдар

2025-09-17

Медиатека / Жаңалықтар / Кәсіби бағдар

08.09.2025 күні Ж.А. Тәшенев университеттің факультеттер бойынша магистранттар мен студенттер арасында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның мақсатыбілім алушылар арасындағы тәжірибе алмасу, кәсіби бағдар беру және академиялық ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында магистранттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтып, ғылыми жұмыспен айналысудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, студенттерді магистратураға түсу процесі, талаптар мен мүмкіндіктер туралы ақпараттандырды.

Студенттер өз кезегінде түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Еркін форматта өткен кездесу екі жаққа да пайдалы болды.

Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да осындай кездесулер жиі өткізіліп тұруы қажет деген пікір білдірді.