
Болашақ химия мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін цифрлық технологиялар арқылы дамыту – Ташенев университетінің зерттеуі
International Journal of Information and Education Technology (Q1, 76-перцентиль) журналында жарық көрген профессор Ж. Умарованың мақаласында Қазақстандағы химия мұғалімдерін даярлау жүйесінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру жолдары зерттелген.
Зерттеу педагогикалық университеттердегі оқыту тәжірибесіне негізделіп, онлайн платформалар, виртуалды зертханалар мен интерактивті контенттердің тиімділігін бағалауға бағытталған.
Негізгі нәтижелер:
· Сандық зертханалар мен модельдер болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығын жақсартты;
· LMS, видеосабақтар және AR/VR технологиялары цифрлық педагогикалық дағдыларды қалыптастырады;
· Студенттерде сыни ойлау және цифрлық құралдарды сабақта қолдану қабілеті артты.
Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламаларын жаңартуға, оқытушылардың кәсіби дамуына ықпал етуде.
International Journal of Information and Education Technology, 2024, 14(8), страницы 1119–1126, Q1, 76 persentile