Ташенев университетінің оқытушылары студенттердің үлгерімін болжау үшін Байес алгоритмін қолдануда
background

Ташенев университетінің оқытушылары студенттердің үлгерімін болжау үшін Байес алгоритмін қолдануда

Нахипова Венера Исмаиловна - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының техника ғылымдарының магистрі Умарова Жанат Рысбаевна - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)
Медиатека / Scopus мақалалары / Ташенев университетінің оқытушылары студенттердің үлгерімін болжау үшін Байес алгоритмін қолдануда

International Journal of Information and Education Technology (Q2, 61-перцентиль) журналында жарияланған зерттеуде В. Нахипова мен профессор Ж. Умарова студенттердің үлгерімін болжауға арналған наив Байес алгоритмі негізіндегі тәсілді ұсынды.

Бұл әдіс:

·     студенттің өткен үлгерімі, сабаққа қатысуы және онлайн белсенділігі сияқты мәліметтерді талдайды;

·     студенттің курсты сәтті аяқтау ықтималдығын анықтайды;

·     оқытушыларға оқу барысындағы қауіптерді алдын ала көруге мүмкіндік береді.

Нәтижелер:

·     Модельдің дәлдігі 80%-дан жоғары;

·     Жүйе қарапайым және оңай енгізіледі;

·     Жеке білім беру траекторияларын құруға ықпал етеді.

 

 

International Journal of Information and Education Technology, Vol. 14, No. 1, 2024, Q2, 61  persentile