
Ташенев университетінің ғалымдары студенттердің үлгерімін болжау үшін жасанды интеллектті қолдануда
International Journal of Information and Communication Technology Education (Q1, CiteScore 4.2, 76-перцентиль) журналында жарияланған зерттеуде В. Нахипова мен т.ғ.к. С. Ботаева студенттердің үлгерімін болжауға арналған заманауи модель ұсынды.
Жаңа тәсіл наив Байес әдісі мен коллаборативті сүзгіні біріктіреді. Мұндай технологиялар Netflix пен Amazon-да қолданылатын ұсыныстар жүйесіне ұқсас, бірақ бұл жолы — білім беру саласында.
Модель:
· студенттің академиялық белсенділігі мен үлгерімін талдайды;
· үлгерімі төмендеуі мүмкін студенттерді ертерек анықтайды;
· оқыту траекториясын жекелендіруге көмектеседі.
Жүйе оқу платформасына кірістірілсе, оқытушылар нақты уақыт режимінде студенттердің прогресін бақылап, жедел әрекет ете алады. Бұл әдіс білім сапасын арттыруға нақты үлес қосады.
International Journal of Information and Communication Technology Education (IJICTE). – 2024. – Vol. 20. – №1. – Р. 1-18.(Сitescore 2023-4.2; Q1, 76 persentile) https://doi.org/10.4018/IJICTE.352512