
Ташенев университетінің профессоры мембраналық сүзу үдерістерін оңтайландыруда жаңа тәсілді ұсынды
Умарова Жанат Рысбаевна - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)
Медиатека / Scopus мақалалары / Ташенев университетінің профессоры мембраналық сүзу үдерістерін оңтайландыруда жаңа тәсілді ұсынды
Bulletin of Electrical Engineering and Informatics (Q2, 70-процентиль) журналында жарық көрген халықаралық зерттеуде Ташенев университетінің профессоры Ж. Умарова мембраналық бөлуді жақсарту үшін генетикалық алгоритмдер мен мезоскопиялық модельдеуді біріктіру әдісін ұсынды.
Зерттеу нәтижелері:
· молекулалардың қозғалысын нақты модельдеу;
· сүзгі жүйелерінің параметрлерін автоматты түрде оңтайландыру;
· энергия үнемдеу мен тиімділікті арттыру.
Бұл әдіс су тазарту, фармацевтика және өнеркәсіптегі күрделі процестерді басқаруға жаңа мүмкіндіктер береді. Жаңа тәсіл инженерлік шешімдерді цифрлық деңгейге көтеруге бағытталған.