Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі
background

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі

2022-03-20

Медиатека / Құттықтаулар / Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі

Құрметті «Сырдария» университетінің ұжымы мен студент-жастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

             22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсінде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел-белестерге қызылды-жасылды кілемдер төселеді. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жеті түрлі дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнін тойлайды. Бүкіл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйім халық, мұқым ел ауызбіршілікте болады.

            Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы сөгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!

            Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

            Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

             

Құрметпен,

университет ректоры Бақыт Токмурзаев!