📚 «Үздік оқырман» кітап жарысына қатысуға шақырамыз!
2026-11-27
Tashenev University-де «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында студенттер мен оқытушылар арасында «Үздік оқырман» кітап жарысы ұйымдастырылады.
Бұл жолғы зияткерлік сайыс қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы бойынша өтеді.
Жарыстың басты мақсаты — кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, көркем әдебиетті кеңінен насихаттау және университет қабырғасында оқырман мәдениетін қалыптастыру.
📖 Кітапты оқу мерзімі: 26 қараша – 6 желтоқсан 2026 жыл.
🏆 Жарыс үш кезеңнен тұрады:
🔹 I кезең — 7 желтоқсан (онлайн): кітап мазмұны бойынша тест тапсырмалары;
🔹 II кезең — 9 желтоқсан (онлайн): талдау сұрақтары мен ашық жауап тапсырмалары;
🔹 III кезең — 11 желтоқсан (офлайн): шығарманы жан-жақты талдау, шығармашылық тапсырма және қорытынды сұхбат.
Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болады!
Кітап оқы, біліміңді шыңда, зияткерлік қабілетіңді дәлелде!
Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма! Жеңіске бірге қадам басайық! 📚🏆
Ұйымдастырушылар: «Zerdeli – book club» және Формальді емес білім беру департаменті.
📞 Байланыс телефоны: 8 776 367 60 07
