Студенттердің қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалын анықтауға арналған анонимді сауалнама
background

Студенттердің қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалын анықтауға арналған анонимді сауалнама

2026-11-26

Медиатека / Жаңалықтар / Студенттердің қауіпсіздігі мен психологиялық ахуалын анықтауға арналған анонимді сауалнама

2026 жылғы 26 қарашада Гагарин көшесі, 22-А мекенжайындағы ғимаратта «Өнер және гуманитарлық білім беру» факультетінің ұйымдастыруымен студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманың мақсаты — факультет білім алушыларының қауіпсіздігі мен психологиялық ахуал деңгейін анықтау. Оған барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Анонимді сауалнама қатысушылардың өз пікірлерін еркін білдіруіне, өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін және студенттік ұжымдағы қарым-қатынас деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Сауалнама нәтижелері білім алушылардың психологиялық жағдайын бағалауға, кездесетін мәселелерді анықтауға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге негіз болады. Әрбір қатысушының пікірі маңызды.

Алдағы уақытта да қауіпсіздік мәдениетін нығайту, өзара сыйластықты арттыру, буллингтің алдын алу және психологиялық қолдау көрсету жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табуы қажет.

Біздің басты мақсатымыз — әрбір білім алушы өзін қауіпсіз, еркін және құрметтелген ортада сезінуіне жағдай жасау.