🏆 Tashenev University студенттері «Жібек жолы айшықтары» республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болды!
2026-11-25
🏆 Tashenev University-дің «Дизайн және сән» кафедрасының студенттері «Жібек жолы айшықтары» атты республикалық байқауға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Байқау «Көрме» көрме орталығында ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша университет студенттері екі номинацияда жүлделі орындарға ие болды:
🥈 Есенбек Аяулым — «Этно костюм» номинациясы бойынша II орын иеленіп, 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
🥉 Данияр Құндыз — «Жас жұптарға арналған үздік киім дизайны» номинациясы бойынша III орын алып, 150 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты жеңіп алды.
Сонымен қатар студенттер этнографиялық көрмеге де қатысып, жетекші Рахманқұлова Жанат Әбдіқадырқызының басшылығымен авторлық қуыршақтар топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде TASHENEV UNIVERSITY брендімен әзірленген шығармашылық жұмыстар таныстырылды.
Бұл жетістіктер — студенттердің шығармашылық ізденісі, кәсіби шеберлігі мен ұлттық өнерді заманауи дизайнмен ұштастыра білуінің нәтижесі.
Жеңімпаз студенттерімізді және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Tashenev University — ұлттық құндылықтар мен заманауи шығармашылық тоғысқан білім ордасы!

