«Цифрлық серпін – 2026»: Тәшенев университетінің студенті жүлделі III орынға ие болды
background

«Цифрлық серпін – 2026»: Тәшенев университетінің студенті жүлделі III орынға ие болды

2026-11-25

Медиатека / Жаңалықтар / «Цифрлық серпін – 2026»: Тәшенев университетінің студенті жүлделі III орынға ие болды

2026 жылғы 25 қарашада М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде цифрлық және креативті индустрияларды дамытуға бағытталған «Цифрлық серпін – 2026» фестивалі өтті.

Аталған фестивальге Жұмабек Тәшенев университетінің «Жасанды интеллект және инновация» факультетінен 10 студент қатысып, өздерінің тың идеялары мен инновациялық жобаларын таныстырды.

Байқау аясында студенттеріміз 4 IT-стартап жобасын ұсынып, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар 2 жоба ерекше назарға ұсынылды.

Фестиваль қорытындысы бойынша университетіміздің 1-курс студенті Марат Махамбеталиев өзінің IT-жобасымен жүлделі III орынға ие болып, смартфон жеңіп алды!

Сонымен қатар студенттеріміз зияткерлік квиз бен сұрақ-жауап кезеңдерінде белсенділік танытып, өздерінің білім-білігі мен цифрлық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсетті.

Бұл жетістік — студенттеріміздің ізденісі мен шығармашылық әлеуетінің, сондай-ақ университетімізде IT және жасанды интеллект бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі.

Жеңімпазымызды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Tashenev University — инновация мен жаңа мүмкіндіктер алаңы!