ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ОҢАЛБАЙ АЯШҰЛЫ!
background

ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ОҢАЛБАЙ АЯШҰЛЫ!

2026-11-25

Медиатека / Жаңалықтар / ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ОҢАЛБАЙ АЯШҰЛЫ!

ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ОҢАЛБАЙ АЯШҰЛЫ!

Бүгін көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Tashenev University Басқарма төрағасы Оңалбай Аяшұлы Аяшевтің туған күні!

Оңалбай Аяшұлы — отандық білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына арнаған білікті басшы, тәжірибелі ғалым әрі ұлағатты ұстаз.

Оның басшылығымен университеттің білім беру, ғылым, халықаралық ынтымақтастық және инновациялық даму бағыттарында жаңа бастамалар жүзеге асырылып, білім ордасының әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Оңалбай Аяшұлының басшылық болмысындағы маңызды қасиеттердің бірі — адамға деген құрметі, жастарға сенім артуы және тың идеяларға ашықтығы. Ол жас мамандар мен студенттердің бастамаларына қолдау білдіріп, олардың кәсіби дамуына және әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік беруге ерекше мән береді.

Университет ұжымы үшін Оңалбай Аяшұлының бай тәжірибесі, парасатты пайымы, талапшылдығы мен білім саласына деген жанашырлығы айрықша маңызға ие.

Құрметті Оңалбай Аяшұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақ-береке, жауапты қызметіңізге толағай табыс тілейміз!

Еліміздің білім беру саласын дамыту жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, алға қойған мақсат-мұраттарыңыз жүзеге аса берсін! Университетіміздің мерейін асырып, жаңа жетістіктерге бірге жете беруімізге тілектеспіз!

Абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем болсын!

Ізгі ниетпен,
Tashenev University ұжымы