ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ: СТУДЕНТТЕРГЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ
2026-11-24
ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ: СТУДЕНТТЕРГЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ
🎓 Tashenev University-де «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық фильмдер көрсетілді
24 қараша күні Tashenev University-де «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында студент жастарға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты қоғамдық ортаны қалыптастыру мақсатында профилактикалық қысқаметражды фильмдердің көрсетілімі өтті.
🎬 Іс-шара барысында студенттер назарына «Не книжные закладки» және «Хулиганка» атты қысқаметражды фильмдер ұсынылды. Көрсетілімге университеттің төрт құрылымдық бөлімшесінен 280 студент қатысты.
👮♂️ Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері арнайы қатысып, жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бауыржан Қанатұлы Карбеков және басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ақжол Қаппарбекұлы Оразов сөз сөйлеп, жастарға маңызды ақпараттар мен құқықтық түсіндірмелер берді.
Спикерлер өз сөздерінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысудың ауыр зардаптарына тоқталып, құқық бұзушылыққа бейжай қарамауға, күмәнді ұсыныстар мен заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы керектігін атап өтті.
⚖️ «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі қағидаттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстардың басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
🌿 Tashenev University-де «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясындағы тәрбиелік, ақпараттық және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.