Студенттер «Цифрлық күз – 2026: Жолдар арасында» француз цифрлық өнер фестиваліне қатысты.
2026-11-24
Медиатека / Жаңалықтар / Студенттер «Цифрлық күз – 2026: Жолдар арасында» француз цифрлық өнер фестиваліне қатысты.
Ж.А. Тәшенев атындағы Әлем тілдері университетінің студенттері оқытушыларымен бірге Шымкент қаласында өтіп жатқан француз цифрлық өнер фестивалі — «Цифрлық күз 2026: Жолдар арасында» көрмесін тамашалады. Фестиваль 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін «КЖВ» заманауи өнер галереясында жалғасады.
Жоба Франция елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Көрмені тамашалау студенттерге таным көкжиегін кеңейтіп, заманауи медиа жобалардан шабыт алуға және цифрлық технологиялардың өнерді қабылдау тәсілін қалай өзгертетінін көруге тамаша мүмкіндік болды.


