«Жасанды интеллект және инновациялар» факультетінің студенттері Shymkent AI Forum – 2026 форумында өз жобаларын таныстырды
background

«Жасанды интеллект және инновациялар» факультетінің студенттері Shymkent AI Forum – 2026 форумында өз жобаларын таныстырды

2026-11-17

Медиатека / Жаңалықтар / «Жасанды интеллект және инновациялар» факультетінің студенттері Shymkent AI Forum – 2026 форумында өз жобаларын таныстырды

2026 жылғы 17 қарашада Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай Shymkent AI Forum – 2026 өңірлік форумы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, IT индустриясының, бизнес және білім беру ұйымдарының 500-ге жуық өкілі қатысты.

Форум аясында Tashenev University «Жасанды интеллект және инновациялар» факультетінің студенттері, IT Startup клубы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) үйірмесінің мүшелері өздерінің инновациялық жобаларын таныстырып, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелерін көрсетті.

Студенттердің форумға қатысуы факультет деканы Дәулет Душабаевтың қолдауымен, сондай-ақ студенттік бірлестіктердің қызметіне жетекшілік ететін оқытушылар Халметов Ш.А. және Жаримбетова М.М.-ның жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Форум студенттерге өз әзірлемелерін IT саласының мамандарына таныстыруға, тәжірибе алмасуға және инновациялық жобаларын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.