Философия пәні бойынша өткен ашық дәрісте студенттер өмір мен өлім мәселелерін, адам өмірінің мәнін, бақыт, еркіндік, таңдау және жеке жауапкершілік ұғымдарын талқылады.
background

Философия пәні бойынша өткен ашық дәрісте студенттер өмір мен өлім мәселелерін, адам өмірінің мәнін, бақыт, еркіндік, таңдау және жеке жауапкершілік ұғымдарын талқылады.

2026-10-19

Медиатека / Жаңалықтар / Философия пәні бойынша өткен ашық дәрісте студенттер өмір мен өлім мәселелерін, адам өмірінің мәнін, бақыт, еркіндік, таңдау және жеке жауапкершілік ұғымдарын талқылады.

«ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ. ӨМІРДІҢ МӘНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

2026 жылғы 19 қазанда философия пәні бойынша 1409-25-1К1, 1409-25-1К2 және 1409-25-1К3 топтарының студенттеріне «Өмір және өлім. Өмірдің мәні» тақырыбында ашық дәріс өткізілді.

Сабақты аға оқытушы Шадияр А.М. жүргізді. Ашық сабақ Гагарин көшесі, 22А мекенжайындағы 06Б аудиторияда өтті.

Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге өмір мен өлім мәселелерінің философиялық мазмұнын түсіндіру, адам өмірінің құндылығы мен мәні туралы ой қалыптастыру, сондай-ақ өмірлік мақсат, таңдау және жауапкершілік мәселелерін талқылау.

Сабақ барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:

– өмір ұғымының философиялық мәні және адам болмысының ерекшелігі;
– өлім мәселесі және оның адам өміріндегі орны;
– өмірдің мәні туралы философиялық көзқарастар;
– Сократ, Аристотель, әл-Фараби және Абай еңбектеріндегі өмір, бақыт және ізгілік мәселелері;
– адам өміріндегі мақсат, еркіндік, таңдау және жауапкершілік;
– уақыттың қадірі, рухани құндылықтар және саналы өмір сүру.

Дәріс барысында тақырыптың теориялық мазмұны түсіндіріліп, философиялық ойшылдардың тұжырымдарына шолу жасалды.

Студенттер «Өмірдің мәні неде?», «Бақытты өмір сүру үшін не қажет?» және «Адам өз өмірінің мәнін өзі қалыптастыра ала ма?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасты.

Талқылау барысында білім алушылар өз көзқарастарын білдіріп, өмірлік құндылықтар мен жеке жауапкершілік туралы ойларын ортаға салды.

Ашық сабақ студенттердің философиялық дүниетанымын кеңейтуге, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және адам өмірінің мәні туралы өзіндік пайым қалыптастыруға бағытталды.

Сабақ соңында негізгі ойлар қорытындыланып, студенттермен кері байланыс жүргізілді.