«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының аға оқытушысы Қызбала Қалабаева кілем тоқу, ұлттық ою-өрнектерді аяқтау және тоқыма материалдарын көркем өңдеу әдістеріне арналған ашық практикалық сабақ өткізді.
2026-10-15
КІЛЕМ ТОҚУ ЖӘНЕ ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫН КӨРКЕМ ӨҢДЕУ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
2026 жылғы 15 қазанда «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Қалабаева Қызбала Райымбекқызы 1406-25-1к1, 1406-25-1к2 және 1406-25-1к3 топтарының білім алушыларына ашық сабақ өткізді.
«Кілем тоқу және тоқыма материалдарын көркем өңдеу» пәні аясындағы сабақ «Кілем тоқуды жалғастыру. Ою-өрнектерді қайталап аяқтау. Тақта жүргізу жолдары мен қырқу жұмыстары. Тазалық-гигиеналық талаптар» тақырыбына арналды.
Ашық сабаққа қонақ ретінде Орталық Азия Инновациялық университетінің «Дизайн және ақпараттық технологиялар» кафедрасынан педагогика ғылымдарының кандидаты Айнаш Дастановна Райымкуловна қатысты.
Сонымен қатар сабаққа кафедра меңгерушісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қарсыбаев Бастарбек Тоқтарович, магистр, аға оқытушылар Алшымбаева Сәуле Нағашбекқызы және Көбеева Нұргүл Мұхтарқызы қатысты.
Сабақтың негізгі мақсаты – кілем тоқу жұмысын жалғастыру, ою-өрнектерді үйлесімді қайталап аяқтау, тақта жүргізу мен қырқу әдістерін меңгерту және жұмыс барысында тазалық-гигиеналық талаптарды сақтауға дағдыландыру.
Практикалық сабақ барысында білім алушылар кілем тоқу жұмыстарын жалғастырып, ұлттық ою-өрнектердің құрылымдық ерекшеліктерін сақтай отырып, өрнектерді аяқтады.
Тақта жүргізу және кілем бетін қырқу тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетіліп, жұмыстың орындалу сапасына ерекше назар аударылды. Білім алушыларға құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану, жұмыс орнын таза ұстау және қауіпсіздік ережелерін сақтау талаптары түсіндірілді.
Сабақ нәтижесінде білім алушылардың кәсіби шеберлігі, шығармашылық қабілеті мен технологиялық дағдылары жетілдіріліп, ұлттық кілем тоқу өнеріне деген қызығушылығы артты. Олар теориялық білімдерін тәжірибелік жұмыстармен ұштастыра білді.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды. Білім алушылардың тәжірибелік жұмыстары бағаланып, орын алған кемшіліктер талданды. Сабақ белгіленген мақсатына жетті.



