«Экономика және басқару» кафедрасында Қазақстан Президентінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы талқыланды.
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ» КАФЕДРАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Экономика және басқару» кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған іс-шара өтті.
Кездесуге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен 1–2 курс студенттері қатысты. Білім алушылар Жолдауда көтерілген негізгі мәселелер бойынша баяндамалар дайындап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру, студенттердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты білімін кеңейту және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Жолдау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар аясындағы маңызды стратегиялық құжат ретінде талқыланды.
Іс-шара барысында құжаттың келесі негізгі бағыттары қарастырылды:
– инфрақұрылым мен құрылыс саласын дамыту;
– әлеуметтік нысандар салу және өңірлерде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру;
– логистика мен көлік инфрақұрылымын жаңғырту;
– энергетика, өнеркәсіп, геология және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту;
– экономиканы цифрландыру және жасанды интеллектіні қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу;
– деректерді өңдеу орталықтарын дамыту;
– ғылыми әлеуетті нығайту;
– инженерлерді, дәрігерлерді, педагогтер мен ғалымдарды қолдау;
– білімге негізделген экономиканы қалыптастыру.
Студенттер баяндамаларында Жолдауда белгіленген міндеттердің елдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, экономиканы цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, адами капиталды дамыту және өндірістік әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңіндегі нақты міндеттер мен басым бағыттарды айқындайды. Солардың бірі – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастырып, экономиканың ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыру.
Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

