«Экономика және менеджмент» кафедрасының өкілдері «Азия-Сервис-Шымкент» ЖШС басшылығымен кездесіп, дуальды оқыту, студенттердің практикадан өтуі, білім беру бағдарламаларын жаңарту және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.
background

«Экономика және менеджмент» кафедрасының өкілдері «Азия-Сервис-Шымкент» ЖШС басшылығымен кездесіп, дуальды оқыту, студенттердің практикадан өтуі, білім беру бағдарламаларын жаңарту және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

2026-10-08

Медиатека / Жаңалықтар / «Экономика және менеджмент» кафедрасының өкілдері «Азия-Сервис-Шымкент» ЖШС басшылығымен кездесіп, дуальды оқыту, студенттердің практикадан өтуі, білім беру бағдарламаларын жаңарту және түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН «АЗИЯ-СЕРВИС-ШЫМКЕНТ» ЖШС ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2026 жылғы 8 қазанда «Экономика және менеджмент» кафедрасы «Азия-Сервис-Шымкент» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге компания директоры Нұртай Болтайұлы Есмахан және клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Гүлнара Ордабекқызы Джунусова қатысты.

Іс-шара 6В04101 «Есеп және аудит», 6В04102 «Қаржы», 6В04103 «Экономика» және 6В04104 «IT-Менеджмент» білім беру бағдарламалары аясында өткізілді.

«Азия-Сервис-Шымкент» ЖШС мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті автоматтандыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және бухгалтерлік есепті жоспарлау процестерін цифрландыру бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар компания бухгалтерлік есеп, бағдарламалау және цифрлық технологиялар саласындағы жас мамандарды қайта даярлауға және жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетеді.

Кездесу барысында тараптар келесі бағыттарды талқылады:

– жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және жаңарту;
– мамандар даярлау стратегиясын қалыптастыру үшін еңбек нарығын талдау және болжау;
– студенттерге дуальды оқыту мүмкіндігін ұсыну;
– өндірістік және диплом алдындағы практиканы ұйымдастыру;
– білім алушыларға мамандықтары бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру;
– түлектерді жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету.

Тәшенев университетінде дуальды оқыту жүйесі жүзеге асырылып келеді. Студенттердің практикалық білім мен кәсіби дағдыларды меңгеруі үшін кәсіпорындарда арнайы оқу аудиториялары қарастырылған. Жұмыс берушілер өздерінің өндірістік тәжірибесін оқу процесіне енгізіп, болашақ мамандарды даярлауға тікелей қатысады.

Кездесу қорытындысы бойынша университет пен «Азия-Сервис-Шымкент» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.

Бұл келісімдер студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтуіне, 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын жаңартуға, дуальды оқытуды дамытуға және түлектерді жұмысқа орналастыруға жаңа мүмкіндіктер береді.

Университет пен жұмыс берушілер арасындағы мұндай ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеуге және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.