«Анықталған интегралдың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті
background

«Анықталған интегралдың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті

2026-11-18

Медиатека / Жаңалықтар / «Анықталған интегралдың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті

«Анықталған интегралдың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті

2026 жылғы 18 қарашада сағат 08:30-да «Математикалық талдау – 1» пәні бойынша «Анықталған интегралдың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға анықталған интегралдың негізгі қасиеттерін түсіндіру, оларды есептерді шешу барысында дұрыс қолдануға үйрету және математикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында анықталған интегралдың негізгі қасиеттері қарастырылып, теориялық мәліметтер нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Білім алушылар практикалық тапсырмаларды орындап, интегралдарды есептеу және олардың қасиеттерін қолдану жолдарын талдады.

Ашық сабақта теориялық білім мен практикалық жұмыстың өзара байланысына ерекше назар аударылды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, берілген есептерді шешу барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.