Тәшенев университетінде 9 елдің өкілдері мен 14 жоғары оқу орнын біріктірген халықаралық форум өтті
2026-11-16
«Баскетбол ойынына үйрету тактикасының негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті
«Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Сапарбеков Нұрмұхан Сапақұлы 1409-24қ1 және 1409-24қ2 топтарының білім алушыларына «Спорттық ойындарды оқыту әдістемесі (баскетбол)» пәні бойынша «Баскетбол ойынына үйрету тактикасының негіздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Баскетбол – жылдамдықты, ептілікті, күшті, дәлдікті және командалық үйлесімділікті қажет ететін спорт түрі.
Ашық сабақтың мақсаты – студенттерге баскетбол ойынының негізгі техникалық әдістері мен тактикалық тәсілдерін үйрету, допты дұрыс алып жүру, бір-біріне беру, қабылдау және себетке дәл лақтыру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар баскетбол ойынының негізгі элементтерін тәжірибе жүзінде орындап, жеке және командалық әрекеттерді тиімді ұйымдастыру тәсілдерін меңгерді.




