«ART» командасы республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленді
background

«ART» командасы республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленді

Медиатека / Жаңалықтар / «ART» командасы республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленді

«ART» командасы республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленді

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадада Ж.А. Тәшенев университетінің 6В01403 «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының «ART» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Команда құрамында:

  • Тәжібай Диана;

  • Ақбердиева Ұлжан;

  • Қадиркулова Чарос;

  • Сералхан Дәулетхан Уалханұлы.

Олимпиада барысында студенттер кәсіби білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, практикалық шеберліктері мен командалық үйлесімділіктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Команданың ғылыми жетекшісі – PhD докторы, қауымдастырылған профессор Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевна.

«ART» командасы мен оның ғылыми жетекшісін жүлделі орынмен шын жүректен құттықтаймыз! Жас мамандарымызға шығармашылық ізденіс, білім мен ғылым жолында жаңа жетістіктер және биік белестер тілейміз!