Әйелдер көйлегі конструкциясының базистік торын құру бойынша ашық сабақ
background

Әйелдер көйлегі конструкциясының базистік торын құру бойынша ашық сабақ

Медиатека / Жаңалықтар / Әйелдер көйлегі конструкциясының базистік торын құру бойынша ашық сабақ

Әйелдер көйлегі конструкциясының базистік торын құру бойынша ашық сабақ

«Дизайн және сән» кафедрасының оқытушысы Қойланова Гаухар Жарасовна 2111-25к «Дизайн» тобының студенттеріне «Тігін бұйымдарын құрастыру» пәні бойынша «Әйелдер көйлегі конструкциясы негізінің базистік торының сызбасы» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – студенттерге әйелдер көйлегі конструкциясы негізінің базистік торын сызу әдістерін үйрету, негізгі өлшемдерді дұрыс қолдану, конструкциялық сызықтарды анықтау және сызбаны орындау дағдыларын қалыптастыру.

Сонымен қатар студенттердің кеңістіктік ойлауын, шығармашылық және аналитикалық қабілеттерін дамытуға, ұқыптылыққа, дәлдікке және жауапкершілікке тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.

Практикалық сабақ барысында студенттер белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақта теориялық білім мен практикалық жұмыстың өзара байланысы сақталып, студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, студенттердің тігін бұйымдарын құрастыру және сән саласына деген қызығушылығы байқалды.