«Поп-арт және сән» тақырыбында ашық сабақ өтті
background

«Поп-арт және сән» тақырыбында ашық сабақ өтті

2026-10-28

Медиатека / Жаңалықтар / «Поп-арт және сән» тақырыбында ашық сабақ өтті

«Поп-арт және сән» тақырыбында ашық сабақ өтті

2026 жылғы 28 қазанда «Дизайн және сән» кафедрасының аға оқытушысы Купенова А.А. 2101-26-қ1, 2101-26-қ2 және 2101-26-қ3 топтарының студенттеріне «Өнер тарихы» пәні бойынша ашық дәріс өткізді.

Сабақтың тақырыбы – «Әлемдік көркемдік процестің эстетикалық және әлеуметтік-мәдени қызметі контексінде әлемдік мәдениет пен өнер тарихы саласындағы білімді қалыптастыру. Поп-арт және сән. Бұқаралық мәдениеттің эстетикасы: Уорхол мен Лихтенштейн шығармашылығы және оның 1960–1980 жылдардағы сәнге әсері».

Сабақ барысында студенттер поп-арт бағытының қалыптасу тарихымен, оның негізгі эстетикалық ерекшеліктерімен және әлеуметтік-мәдени рөлімен танысты. Сонымен қатар Энди Уорхол мен Рой Лихтенштейн шығармашылығының бұқаралық мәдениетке және сән индустриясына тигізген ықпалы қарастырылды.

Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің әлемдік көркемдік мұраға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамы мен мәдени көзқарасын кеңейту, сондай-ақ өнердің қоғамдағы әлеуметтік өзгерістермен байланысын түсіндіру.

Сабақ барысында көрнекі материалдар ұсынылып, поп-арттың өнер мен сән саласындағы көріністері талқыланды. Студенттер тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, оқу үдерісіне белсенді қатысты.