Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті
background

Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті

2026-11-04

Медиатека / Жаңалықтар / Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

2026 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының 1702-23р және 1704-23-3қ топтарында білім алатын 4-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды конференция ұйымдастырылды. Конференция барысында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, атқарған жұмыстарының нәтижелерін таныстырды және жинақтаған кәсіби тәжірибелері туралы баяндады.

Өндірістік тәжірибе білім алушыларға университетте алған теориялық білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын жетілдіруге және болашақ кәсіби қызметке дайындалуға мүмкіндік берді.

Қорытынды конференция өндірістік тәжірибенің нәтижелерін саралауға, тәжірибе алмасуға және студенттердің жетістіктерін атап өтуге жақсы мүмкіндік болды.

Болашақ мамандарға табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!