СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ 2026
background

СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ 2026

Медиатека / Жаңалықтар / СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ 2026

СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ 2.0: ЖАҢА ҚҰРАМ. ЖАҢА КӨЗҚАРАС. ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР!

Студенттік көшбасшылықтың жаңа кезеңі басталды!

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте Студенттік құрылтайдың екінші шақырылымы — «Студенттік құрылтай 2.0» өз жұмысын бастады.

Студенттік құрылтай — студенттердің ортақ мүдделері, мақсаттары мен міндеттері негізінде құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестік. Оның қызметі білім алушылардың университет өміріне белсенді қатысуына, студенттік бастамаларды қолдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Құрылтай құрамындағы студенттік басқару органдары мен шығармашылық, еріктілік, экологиялық және ақпараттық-медиа бағыттағы ұйымдар студенттердің әлеуетін ашуға, олардың ұсыныстарын жеткізуге және ортақ мақсаттар жолында бірігуіне мүмкіндік береді.

Таныс болыңыздар — Тәшенев университетінің жаңа буын студенттік көшбасшылары!

СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ

СТУДЕНТТІК РЕКТОР

Базарбай Айнұр Талғатқызы — «Жасанды интеллект және инновация» факультетінің 3-курс студенті.

Студенттік ректор университет деңгейіндегі студенттік бастамалар мен жобаларды үйлестіріп, білім алушылардың ұсыныстарын жеткізеді және Студенттік құрылтай жұмысының негізгі бағыттарын басқарады.

СТУДЕНТТІК ВИЦЕ-РЕКТОР

Иса Мұхаммед Ғалымұлы — «Өнер және гуманитарлық білім беру» факультетінің 3-курс студенті.

Студенттік вице-ректор факультеттер мен студенттік ұйымдар арасындағы бірлескен жұмысты үйлестіріп, бастамалардың іске асырылуына және іс-шаралардың сапалы ұйымдастырылуына атсалысады.

СТУДЕНТТІК ДИРЕКТОРЛАР МЕН ДЕКАНДАР

«Әлем тілдері» институтының студенттік директоры — Кулманова Жанира Айбекқызы, 3-курс студенті.

«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің студенттік деканы — Бастар Улмекен Айбергенқызы, 3-курс студенті.

«Өнер және гуманитарлық білім беру» факультетінің студенттік деканы — Сулеймен Назерке Оразбекқызы, 2-курс студенті.

«Экономика және құқық» факультетінің студенттік деканы — Набидулла Гауһар Ускенқызы, 1-курс студенті.

«Педагогикалық ғылымдар» институтының студенттік директоры — Қанполат Жансая Сұлтанбайқызы, 3-курс студенті.

«Жасанды интеллект және инновация» факультетінің студенттік деканы — Балсапа Қарақат Жарқынқызы, 2-курс студенті.

Қазақ филологиясы және әдебиет орталығының студенттік директоры — Сейфолла Нышан Яхияұлы, 3-курс студенті.

«Дене шынықтыру және спорт» факультетінің студенттік деканы — Рашитова Әдемі Мұхтарқызы, 2-курс студенті.

Студенттік директорлар мен декандар өз құрылымдарындағы білім алушылардың мүдделерін білдіріп, олардың ұсыныстары мен бастамаларын қолдайды және факультеттер мен институттардағы студенттік жұмыстарды үйлестіреді.

СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ

«Өнер қанаты» бірлестігінің студенттік жетекшісі — Адай Наргиз Жарасқызы, Қазақ филологиясы және әдебиет орталығының 1-курс студенті.

Студенттік бірлестік және тәрбие ұйымының жетекшісі — Махаш Айдана Сырлыбекқызы, «Экономика және құқық» факультетінің 2-курс студенті.

«Таза Қазақстан» бірлестігінің студенттік жетекшісі — Оразәлі Арайлым Мұхтарқызы, «Жасанды интеллект және инновация» факультетінің 1-курс студенті.

Еріктілер ұйымының студенттік жетекшісі — Тансық Балым Ғалымжанқызы, Қазақ филологиясы және әдебиет орталығының 1-курс студенті.

Ақпараттық-медиа бірлестігінің студенттік жетекшісі — Ділдабекова Жансая Ақжігітқызы, Қазақ филологиясы және әдебиет орталығының 1-курс студенті.

«Zerdeli — Book Club» кітап клубының студенттік жетекшісі — Әлібек Нұрай Тоқтарбекқызы, «Әлем тілдері» институтының 2-курс студенті.

Студенттік ұйымдар шығармашылық бастамаларды дамытуға, еріктілік мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға, ақпараттық жұмысты жетілдіруге және студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын қолдауға бағытталған.

«Студенттік құрылтай 2.0» — студенттердің үнін естуге, олардың ұсыныстарын жүзеге асыруға және университет өміріне қатысты маңызды шешімдерді бірлесіп қабылдауға арналған ашық алаң.

Жаңа құрамға белсенді жұмыс, тың бастамалар және университеттің студенттік өмірін дамыту жолында толағай табыс тілейміз!