Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПЕН ПЛАГИАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
background

Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПЕН ПЛАГИАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

2026-10-22

Медиатека / Жаңалықтар / Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ПЕН ПЛАГИАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

Ашық сабақ

2026 жылғы 22 қазанда «Құқық» кафедрасының 6Б04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4201-25р тобының студенттеріне Хұдайқұлқызы Д. оқытушысы «Академиялық хат» пәні бойынша «Академиялық адалдық және плагиаттың алдын алу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіру, плагиаттың мәні мен негізгі түрлерін таныстыру, ғылыми дереккөздерді дұрыс пайдалану және дәйексөз келтіру ережелерін меңгерту. Сонымен қатар студенттердің өздік жұмыс дағдыларын дамыту, оқу және ғылыми қызметтегі жауапкершілігін арттыру, академиялық этика нормаларын сақтаудың маңызын ұғындыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ барысында оқытушы PowerPoint презентациясын пайдалана отырып, академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын, плагиаттың пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Практикалық тапсырмалар мен пікірталас барысында студенттер академиялық этиканы бұзу жағдайларын талдап, дұрыс дәйексөз келтіру мен плагиаттың айырмашылығын анықтады. Сондай-ақ жазбаша жұмыстарды орындау кезінде дербестік пен адалдықты сақтаудың маңызын талқылады.

Сабақ соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылған жағдаяттарды талдады. Академиялық жазылым талаптары, пайдаланылған дереккөздерді рәсімдеу және ақпаратты жауапкершілікпен қолдану бойынша алған білімдерін бекітті.

Ашық сабақ жоғары ұйымдастырушылық-әдістемелік деңгейде өтті. Сабақ барысында студенттердің академиялық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және оқу мен ғылыми жұмыста адалдық қағидаттарын ұстануға ерекше назар аударылды.