ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
background

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

2026-10-31

Медиатека / Жаңалықтар / ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ЖОО-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
2026 жылғы 28 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Орталық Азия халықаралық білім беру форумы» өтті. Халықаралық жиынға Жұмабек Тәшенев университетінің ректоры, профессор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы және Академиялық ұтқырлық орталығының басшысы, PhD докторы Наралиева Шахло Джамаловна қатысты.
Форум Орталық Азия мемлекеттері арасындағы жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Басқосуға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның жоғары оқу орындарының басшылары, білім және ғылым саласының өкілдері, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуы және жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.
Ынтымақтастықтың нақты нәтижесі
Форум аясында Жұмабек Тәшенев университеті мен Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университеті арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісім екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейтуге бағытталған. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізу, сондай-ақ тәжірибе алмасу көзделген.
Әсіресе, филология, шетел тілдерін оқыту, педагогика және заманауи білім беру технологиялары бағыттарындағы әріптестікке басымдық беріледі.
Халықаралық серіктестікті кеңейту
Жұмабек Тәшенев университетінің халықаралық форумға қатысуы және жаңа меморандумға қол қоюы оқу орнының Орталық Азиядағы академиялық байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.