ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ DULATY FASHION DAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ!
background

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ DULATY FASHION DAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ!

2026-10-31

Медиатека / Жаңалықтар / ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ DULATY FASHION DAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ!

🏆 ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ DULATY FASHION DAY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ!
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің студенттері 2026 жылғы 22–23 қазан күндері Тараз қаласында өткен DULATY FASHION DAY халықаралық фестивалінде университет намысын абыроймен қорғап, екі бірдей жүлделі орынға ие болды!
Университет студенттері фестиваль аясында «Киім сәні және костюм дизайны» және «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
«Киім сәні және костюм дизайны» номинациясы бойынша «Дала сазы» және «Этно» атты екі топтама көпшілік назарына ұсынылды. Дефиле қорытындысы бойынша «Этно» топтамасы ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаз — 4-курс студенті Есенбек Аяулым.
🎨 «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясында университет атынан 10-нан астам көркем туынды мен авторлық қуыршақтар көрмеге қойылды. Байқау нәтижесінде гобелен техникасында орындалған картина ІІІ орынды иеленді. Жұмыстың авторы — 3-курс студенті Даулетбекова Балнұр.
Бұл жетістіктер — студенттердің шығармашылық ізденісі мен талантының, ұлттық өнерді заманауи бағытта дәріптеуге деген ұмтылысының нәтижесі.
Жеңімпаз студенттерімізді және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
Тәшенев университеті — таланттар мен мүмкіндіктер ордасы!