
Ж.A. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ — КІШІ ФУТБОЛДАН ЧЕМПИОН!

Республика күніне орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырған кіші футболдан жарыста Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің командасы чемпион атанды!

Турнирге қатысқан 13 оқу орнының командасы арасында үздік ойын өрнегін көрсеткен университет футболшылары финалдық кездесуде «Мирас» университетінің командасымен бақ сынап, тартысты бәсекеде жеңіске жетті.

Жарыс барысында жігіттеріміз жоғары спорттық шеберлігін, табандылығын және командалық бірлігін көрсетті. Нәтижесінде университет командасы турнирдің І орнын иеленіп, чемпиондық кубокты жеңіп алды.

Чемпион командамызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік — жүйелі дайындықтың, ұйымшылдықтың және жеңіске деген жігердің нәтижесі.
Университетіміздің абыройын асқақтатып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Тәшенев университеті — білім мен спорттағы жеңістердің ордасы!