Академиялық ұтқырлық аясында Ферғана мемлекеттік университетінің делегациясы «Әлем тілдері» институтына келді
2026-10-29
Академиялық ұтқырлық аясында Ферғана мемлекеттік университетінің делегациясы «Әлем тілдері» институтына келді
2026 жылғы 26–31 қазан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ферғана мемлекеттік университетінің «Филология және тілдерді оқыту (орыс тілі)» бағыты бойынша білім алатын бакалавриат студенттері мен «Әдебиеттану (орыс әдебиеті)» бағытының 2-курс магистранттары «Әлем тілдері» институтында білім алмасу сапарымен жүр.
Делегация құрамында филология факультетінің оқытушылары да бар:
* Ходжаева Наргиза Таваккаловна — PhD, доцент, орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі;
* Низомитдинова Зулайхо Абдуазизовна — PhD, орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы;
* Гимадетдинова Виктория Геннадьевна — орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы.
Сапар барысында қонақтар институттың қызметімен, студенттік өмірімен және мәдени ортасымен танысты. Студенттермен жұмыс жөніндегі директор Жанира Кульманова мен институттың белсенді студенттері делегация мүшелеріне Шымкент қаласының көрікті орындарына экскурсия ұйымдастырды.
Аталған сапар жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, кәсіби және мәдени байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ екі оқу орнының студенттері мен оқытушылары арасында достық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.


