Академиялық ұтқырлық аясындағы халықаралық ынтымақтастық
2026-10-29
Академиялық ұтқырлық аясындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Әлем тілдері» институты, оның ішінде Әлем тілдері кафедрасы мен Орыс және өзбек тілдері кафедрасы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында халықаралық білім беру және мәдени байланыстарды дамыту жұмыстарын жалғастыруда.
Бағдарлама аясында Андижан мемлекеттік педагогикалық институтының 19 студенті университетімізде білім алып, өз мамандықтары бойынша оқу сабақтарына қатысты. Студенттер университеттің білім беру үдерісімен, академиялық ортасымен және студенттік өмірімен танысуға мүмкіндік алды.
Оқу бағдарламасымен қатар, қонақ студенттер әдеби-мәдени іс-шараларға, шығармашылық кездесулерге және қоғамдық шараларға белсенді қатысты. Бірлескен іс-шаралар студенттердің өзара тәжірибе алмасуына, мәдени құндылықтармен танысуына және достық байланыстар орнатуына ықпал етті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы қатысушылардың кәсіби білімін толықтыруға, дүниетанымын кеңейтуге және жаңа білім беру ортасында тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді. Мұндай ынтымақтастық жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтып, білім беру мен мәдениет саласындағы өзара байланысты одан әрі дамытуға негіз болады.

