ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ
25 қазан – Республика күніне орай Жұмабек Тәшенев университетінің Жасанды интеллект және инновациялар факультетінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада факультет деканы Душабаев Даулет Шадьмахаматович, деканның орынбасары Нахипова Венера Исмаиловна және кафедра меңгерушісі Ботаева Сауле Байзаховна қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.
Құттықтау сөздерінде Республика күнінің тарихи маңызы, ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің құндылығы атап өтілді. Жастарды Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сапалы білім алып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды. Сонымен қатар студенттерге білім мен ғылым жолында толағай табыстар, ал елімізге бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Мерекелік бағдарлама барысында студенттер патриоттық тақырыптағы әндер мен өлеңдерді орындап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнер арқылы паш етті. Іс-шараға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсенді қатысып, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісті.
Республика күні – елдігіміз бен бірлігіміздің, тәуелсіздігіміз бен жарқын болашағымыздың айқын нышаны. Мерекеге арналған тағылымды іс-шара жас ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік рухты нығайтып, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
