Tashenev University студенттері үшін заманауи тәжірибе мүмкіндігі
background

Tashenev University студенттері үшін заманауи тәжірибе мүмкіндігі

Медиатека / Жаңалықтар / Tashenev University студенттері үшін заманауи тәжірибе мүмкіндігі

Tashenev University студенттерінің университет базасында орналасқан Tomorrow School мектебінде сапалы тәжірибеден өтіп, халықаралық білім беру моделі бойынша IT саласындағы білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар.

Tomorrow School — Қазақстандағы бағдарламалау және жасанды интеллект бағытындағы алғашқы тегін мектеп. Жоба ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub, Alem.ai Foundation және Tashenev University серіктестігімен, 01 Edu халықаралық білім беру платформасы негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту peer-to-peer қағидаты бойынша жүргізіледі. Студенттер нақты жобалармен жұмыс істеп, бағдарламалау мен жасанды интеллектті тәжірибе жүзінде меңгереді, командалық дағдыларын дамытады және IT саласындағы кәсіби қызметке дайындалады. Оқу аяқталғаннан кейін халықаралық деңгейдегі сертификат беріледі.