«Ғылыми зерттеу бағыттары мен диссертация тақырыптарын таңдаудың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар
2026-10-19
«Ғылыми зерттеу бағыттары мен диссертация тақырыптарын таңдаудың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылар мен магистранттарға арналған «Ғылыми зерттеу бағыттары мен диссертация тақырыптарын таңдаудың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау және магистрлік диссертация тақырыптарын таңдау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, диссертациялық зерттеу тақырыптарын қалыптастыруда білім беру бағдарламасының педагогикалық бағытын ескеру, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне басымдық беру және зерттеу тақырыптарының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын негіздеу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар семинар барысында магистранттардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту мақсатында лингвистикалық, әдебиеттанулық және пәнаралық зерттеу бағыттарын таңдау мүмкіндіктері сөз болды. Диссертация тақырыбын таңдауда ғылыми жаңалықты, зерттеу нысаны мен пәнін дұрыс айқындаудың, зерттеу мақсаты мен міндеттерін нақтылаудың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар қорытындысында оқытушылар мен магистранттарға ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындау, диссертация тақырыптарын негіздеу және зерттеу жұмыстарының әдіснамалық ұстанымдарын дұрыс анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар магистрлік диссертация тақырыптарын таңдауда білім беру бағдарламасының мақсаты мен күтілетін оқу нәтижелерін басшылыққа алу, әдістемелік бағытқа басымдық беру және зерттеу тақырыптарының мазмұндық әртүрлілігін сақтау қажеттігі атап өтілді.
