Ұстаздар күні құтты болсын!
2026-10-03
Медиатека / Жаңалықтар / Ұстаздар күні құтты болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын!
Күн сайын университетке келуімізге себеп болатын студенттерімізден құттықтау алу — біз үшін ерекше қуаныш!
Олардың шынайы сөздері, жылы жүздері, ықыласы мен ізгі тілектері — әрбір оқытушы үшін ең құнды алғыс. Осындай сәттерде ұстаздық еңбектің тек білім берумен шектелмейтінін, тәлімгер мен студент арасындағы ерекше байланысты қалыптастыратынын терең түсінесің.
Студенттерімізге жылуы, құрметі және тамаша көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз! Алда сіздерді үлкен жетістіктер, жарқын идеялар мен лайықты табыстар күтсін. Біз сіздерді мақтан тұтамыз және әрқайсыңызға сенеміз!
Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер! Ұстаздар күні құтты болсын!


