Дефиле өнері: ұлттық костюмнің заманауи интерпретациясы | 01.10.2026
background

Дефиле өнері: ұлттық костюмнің заманауи интерпретациясы | 01.10.2026

2026-10-10

Медиатека / Жаңалықтар / Дефиле өнері: ұлттық костюмнің заманауи интерпретациясы | 01.10.2026

Дефиле өнері: ұлттық костюмнің заманауи интерпретациясы | 01.10.2026 

«Дизайн және сән» кафедрасында студент-модельдерге ұлттық киімдерді подиумда таныстыру өнері бойынша практикалық сабақтар өткізілуде.

Айжан Аймурзақызы Купенованың жетекшілігімен студенттер подиумда жүріп-тұру шеберлігін, дене пластикасын, денені дұрыс ұстауды және образды таныстыру мәдениетін жетілдіруде. Сонымен қатар ұлттық костюмнің ерекшелігі мен сұлулығын сенімді түрде жеткізуді үйренуде.

Айжан Аймурзақызы — Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. Ол сән және модельдік өнер саласында кәсіби тәжірибеге ие. Шымкент қаласында өткен «Наш Авангард» байқауында «Үздік модель» номинациясы бойынша Гран-при иегері атанған.

Бүгінде ол өзінің кәсіби тәжірибесін студенттермен бөлісіп, олардың даралығын, өзіне деген сенімділігін және сахналық мәнерлілігін дамытуға көмектесуде.

Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің «Дизайн және сән» кафедрасында 3 қазанда Eco Village Kaskasu аумағында өтетін Kaskasu этнофестиваліне белсенді дайындық жүріп жатыр.

Әрбір дайындық — ұлттық дәстүрлер мен заманауи дизайнерлік көзқарас тоғысқан топтамаларды сенімді түрде таныстыруға жасалған қадам.

Біз осы ауқымды этномәдени іс-шарада Ж.А. Тәшенев атындағы университет пен «Дизайн және сән» кафедрасының атынан лайықты өнер көрсетуге дайындалып жатырмыз!