Түстану және колористика — түспен тәжірибе жасау кеңістігі! 🎨
2026-10-10
Медиатека / Жаңалықтар / Түстану және колористика — түспен тәжірибе жасау кеңістігі! 🎨
Түстану және колористика — түспен тәжірибе жасау кеңістігі! 🎨
«Дизайн және сән» кафедрасының 2101-26р тобында оқытушы Қаюмова Умида Разакуловнаның жетекшілігімен «Түстану және колористика» пәні бойынша практикалық сабақ өтті.
Студенттер шығармашылық жұмыстар орындап, ахроматикалық және хроматикалық түстердің үйлесімін зерттеді. Сонымен қатар көңіл күйді түс арқылы жеткізуді, үйлесімді түстік композициялар құрастыруды және контрастілермен жұмыс істеуді үйренді.
Практикалық жұмыстар арқылы студенттер түсті сезіну қабілетін, көркемдік талғамын және кәсіби колористикалық ойлау дағдыларын дамытады. Бұл — болашақ дизайнерлерді даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі.
Түс — бұл эмоция, үйлесім және шығармашылықтың шексіз мүмкіндіктері

