ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СЕНБІЛІК — ТАЗА ҒАЛАМШАР БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! 19.09.2026 ж.
background

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СЕНБІЛІК — ТАЗА ҒАЛАМШАР БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! 19.09.2026 ж.

2026-09-19

Медиатека / Жаңалықтар / ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СЕНБІЛІК — ТАЗА ҒАЛАМШАР БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! 19.09.2026 ж.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СЕНБІЛІК — ТАЗА ҒАЛАМШАР БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ! 19.09.2026 ж.

Дүниежүзілік тазалық күні аясында «Дизайн және сән» кафедрасының студенттері қоршаған ортаны таза, жайлы әрі қолайлы ету жолындағы ортақ мақсатқа бірігіп, экологиялық сенбілікке белсенді қатысты.

Сенбілікке келесі топтардың студенттері қатысты:

  • 2101-26р — «Дизайн»;
  • 2102-26р — «Интерьер дизайны»;
  • 2102-26к2 — «Интерьер дизайны»;
  • 2102-26к3 — «Интерьер дизайны».

Мұндай іс-шаралар студенттердің қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын, экологиялық мәдениетін, командалық рухын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Іс-шараны ұйымдастырып, оған белсенді қатысқан топ кураторларына, сондай-ақ бастаманы қолдап, сенбіліктің өтуіне үлес қосқан аға куратор Рахимов Бабур Фархадұлына ерекше алғыс білдіреміз!

Әрбір қатысушы ортақ іске өз үлесін қосты. Өйткені ғаламшарымыздың тазалығы әрқайсымыздың жеке жауапкершілігімізден басталады!

Белсенділік танытып, ұйымшылдық пен табиғатқа жанашырлық көрсеткен студенттерімізге алғысымызды білдіреміз!

Куратор: Купенова Айжан Аймырзақызы
«Дизайн және сән» кафедрасы. Таза ғаламшар сенен басталады!