Шығармашылық, шеберлік және жаңа мүмкіндіктер! 17.09.2026 ж.
background

Шығармашылық, шеберлік және жаңа мүмкіндіктер! 17.09.2026 ж.

2026-09-17

Медиатека / Жаңалықтар / Шығармашылық, шеберлік және жаңа мүмкіндіктер! 17.09.2026 ж.

Шығармашылық, шеберлік және жаңа мүмкіндіктер! 17.09.2026 ж.

Бүгін жетекшісі Байтелиева Жанна Елтанқызы болып табылатын «Креативті индустрия» хабында Ж.А. Тәшенев атындағы университеттің «Дизайн және сән» кафедрасының өндірістік базасының қатысуымен ұйымдастырылған шығармашылық іс-шара өтті.

Қатысушылар үшін сәндік-қолданбалы өнер мен дизайнның әртүрлі бағыттары бойынша қызықты шеберлік сабақтары өткізілді:

  • киізбен жұмыс істеу;
  • әшекей бұйымдар мен аксессуарлар жасау;
  • кілем тоқу;
  • тігін және киімді конструкциялау негіздері;
  • басқа да шығармашылық бағыттар.
  • Қатысушылар заманауи әдістер мен технологиялармен танысып қана қоймай, практикалық жұмыс барысында өз күштерін сынап, қиялдарын дамытып, қолөнер бұйымдарын жасады.

Мұндай іс-шаралар шығармашылық әлеуетті, практикалық дағдылар мен кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ креативті индустриялардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.