«Ұстаз жүрегі – мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
background

«Ұстаз жүрегі – мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Медиатека / Жаңалықтар / «Ұстаз жүрегі – мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

«ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ

«Өнер және көркем кафедрасы»

«Ұстаз жүрегі – мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Өнер және көркем кафедрасының магистр аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері А.Қ. Қайнарбаева және магистр аға оқытушы Д.М. Байгунова «Ұстаз жүрегі – мейірім мекені» тақырыбында 6В01408-Музыкалық білім (ІР) және 6В02121-Эстардалық вокал білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздық қызметтің қоғамдағы мәртебесін дәріптеу, білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген педагогтерге құрмет көрсету, жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, сыйластық және алғыс айту мәдениетін қалыптастыру.

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне ізгілік пен адамгершіліктің дәнін себетін ұлы тұлға.Ұстаздың мейірімі мен өнегесі – шәкірт үшін өмірлік бағдар, рухани байлық.Тәрбие сағаты барысында ұстаз еңбегінің қадір-қасиеті, шәкірт тәрбиесіндегі ерекше орны мен рухани құндылықтары туралы тағылымды ойлар айтылды. Білім алушылар ұстаздарға деген шынайы алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерімен бөлісті. Концерттік бағдарламаларын тарту етті.Іс-шарада ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық, мейірімділік пен рухани сабақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.Ұстаз – ұлт болашағының сәулетшісі, адам жанының бағбаны, мейірім мен парасаттың шамшырағы.Осындай тағылымды тәрбие сағаттары жас ұрпақтың ұстазға деген құрметін арттырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етеді.Ұстаз жүрегіндегі мейірім – шәкірт жүрегіндегі мәңгілік шырақ!