2026 жылдың 1-ші Қыркүйегінде Ақ үй ғимаратында биыл университет табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылды
2026-09-01
2026 жылдың 1-ші Қыркүйегінде Ақ үй ғимаратында биыл университет табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.Әр мамандыққа түскен студенттер мен ұстаздарды университеттің негізін қалаушы, Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан облысының Құрметті азаматы Оңалбай Аяшев жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім кілті мен студенттік билетті табыстады. Университетіміздің Тәшенев тартуы бойынша түскен грант иегерлерін ерекше атап өтті.Білім нәрімен сусындап болашақта жақсы маман иесі болып шығуларына шын тілектерін білдірді.Музыкалық білім және эстрадалық вокал мамандықтарына түскен студенттерімен топ тәлімгерлері ғимараттарды таныстыру жұмыстарын жүргізді. Жұмабек Ахметұлы Тәшенев туралы презентациялар мен видеолар көрсетіліп, баяндамалар тыңдалды.Студенттерге бәсекеге қабілетті маман болуларына университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы жүрек жарды тілектерін білдірді.



