АСТАНАДА ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН MNU БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
background

АСТАНАДА ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН MNU БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

2026-10-03

Медиатека / Жаңалықтар / АСТАНАДА ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН MNU БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АСТАНАДА ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН MNU БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің ректоры Жанар Рысбекова
М.С. Нәрікбаев атындағы университеті Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесті.
Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар білім беру үдерісін жетілдіру, университеттердің материалдық-техникалық базасын дамыту, академиялық және кәсіби байланыстарды кеңейту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың перспективалары қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және жаңа бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделі екенін білдірді